Суббота, 23 августа, 2025
37.8 C
Мырзакент
ҮйСЭСМенингит – мидың мембранасының және жұлынның қабынуы

Менингит – мидың мембранасының және жұлынның қабынуы

Менингит – мидың мембранасының және жұлынның қабынуы. Балаларда менингиттің қоздырғыштары бактериялар, вирустар және саңырауқұлақтар болуы мүмкін, олар бассүйек қуысына еніп, осы ауыр ауруды тудырады. Бұл ауруға көбіне 0-ден 6 жасқа дейінгі иммунитеті төмен балалар тез шалдығады, дегенмен менингит егде жастағы балалар мен ересектерде де кездеседі.

Менингит, оны тудырған патогенге сәйкес вирустық, бактериялық немесе саңырауқұлақ ; қабыну процесінің сипаты бойынша серозды және іріңді; аурудың ағымына сәйкес жедел және созылмалы болып бөлінеді.

Менингиттің алдын алу:

Менингиттің алдын-алудың ең тиімді тәсілі уақытында вакцина салдыру. Жеке гигиена шараларын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану қажет, өйткені бұл иммунитеттің табиғи қорғанысын арттырады. ЖРВИ ортасында адамдар көп жиналатын жерлерде маска кию керек. Вирустық аурулары бар науқаспен кездесуден аулақ болу керек. Егер менингит белгілері болса, дереу дәрігерге қаралу қажет.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ