Суббота, 23 августа, 2025
38 C
Мырзакент
ҮйСЭССібір жарасы- қауіпті инфекция!

Сібір жарасы- қауіпті инфекция!

Сібір жарасы – жануарлар мен адамдар арасында тіркелетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру жеке органды ғана емес, тұтас ағзаны да зақымдайды, көп жағдайда терінің, кейде өкпенің, ішектің қабынуын және зақымдануын тудырады. Инфекция көзі науқас жануарлар. Адам науқас жануарлардың өнімдерін тұтынудан немесе оларға күтім көрсеткеннен немесе жанасу арқылы жұқтырады. Қоздырғышы сыртқы ортаға өте төзімді, топырақта 100 жылға дейін белсенділігін жоғалтпайтын инфекция. ​​​​​​​​​​​​

Инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік формада бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күнге дейін созылады.​Сібір жарасын жұқтырған жағдайда дене қызуының көтерілуі, теріде жараның пайда болуы, ісіну, ауыр формаларында қанды іш өту және құсу, іш аурулары сияқты клиникалық белігілермен сипатталады. Медициналық көмекке уақытылы жүгінбеудің салдары тіпті өлімге әкеліп соқтыруы ықтимал.

Жүргізілген зерделеулер нәтижесінде науқастардың көп жағдайда ауру малды лажысыздан сойып, бөлшектеп, боршалағаны анықталды. ​​​​Аталған аурудың алдын алу шаралары: Облыс тұрғындары ет сатып аларда еттің ветеринарлық зертханадан өткендігі туралы анықтаманы талап еткендеріңіз дұрыс! Себебі кейбір азаматтар ауырып тұрған малын тез арада сойып алып, сатылымға шығарады, ол сібір жарасымен ауырған малдың еті болуы әбден мүмкін. Сондықтан етті санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес, ет сататын арнайы орындардан алуға мән бергеніңіз жөн. Малдың етін ветеринариялық мамандардың рұқсатынсыз пайдалануға жол берілмейді, төрт түлік мал асыраумен айналысушы азаматтар жануарларына уақытылы екпе салдыруы қажет.

Сібір жарасы – жануарлар мен адамдар арасында тіркелетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру жеке органды ғана емес, тұтас ағзаны да зақымдайды, көп жағдайда терінің, кейде өкпенің, ішектің қабынуын және зақымдануын тудырады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады.

Алдын алу : Сібір жарасынан өлген малдарды көмген орындарды анықтау, есепке алу және залалсыздандыру шаралары, сібір жарасы бойынша қолайсыз аймақтардағы жануарлардың екпесін жүргізу. Сібір жарасын жұқтырған немесе күдіктелген жануарларды дереу оқшалау. Қолайсыз тұрғын аймақтарынан жануарлардың әкелінуі мен әкетілуін, ет, сүт және тері шикізаттарының шығарылуын болдырмау. Барлық күдікті жағдайлар жайлы дереу ветеринарлық мекемелерге ақпарат беру. Малды сояр, әсіресе мәжбүрлі сояр алдында ветеринарды міндетті түрде шақыру. Ауру малдың еті мен басқа өнімдерін зертханалық зерттеусіз тамаққа және т.б. мақсаттарда пайдалануға жол бермеу қажет.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ