Сайлауалды бағдарламамды түсіндіру мақсатында Достық ауылдық округіне қарасты Хайдар ауылындағы балабақша ұжымымен кездестім.
Бұл кездесудің маңызы ерекше болды. Өйткені балабақша — тек білім беру мекемесі ғана емес, ол – ұрпақ тәрбиесінің алғашқы баспалдағы. Ал мұндағы тәрбиешілер — болашақтың іргетасын қалаушы абзал жандар. Сондықтан, бұл салаға деген назар мен қамқорлық ерекше болуы тиіс.
🔹 Кездесу барысында келесі бағыттар бойынша бағдарламамды таныстырдым:
- Балабақшаларды материалдық-техникалық тұрғыдан жаңғырту;
- Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру;
- Тәрбиешілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту;
- Жас мамандарды ауылдық жерге тарту және қолдау;
- Жергілікті инфрақұрылымды дамыту арқылы бала тәрбиесіне қолайлы орта қалыптастыру;
🔸 Ұжым мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, қазіргі таңда салада кездесетін түйткілдерге тоқталды. Көтерілген әрбір мәселені назарға алып, шешу жолдарын бағдарламама енгізу – менің басты міндеттерімнің бірі.
🧩 Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласы — ел болашағына салынған инвестиция. Осыны ескере отырып, аталған саланың дамуы мен тәрбиешілердің лайықты қолдауға ие болуы үшін нақты жоспарларым бар.
📌 Хайдар ауылындағы балабақша ұжымына ашық пікірлесу мен жылы қабылдау үшін алғыс білдіремін. Осындай кездесулер арқылы мен өз бағдарламамды шынайы өмірмен байланыстырып, әрбір ұсыныс пен ойды ескеруге тырысамын.
Сайлау2025 #БалабақшаМәңгіТақырып #ҰстазғаҚұрмет #ХайдарАуылы #ХалықпенБірге

Ізгі ниетпен,
АСАУОВ Данияр Жолдасұлы
Достық ауылдық округі әкіміне кандидат