Понедельник, 28 апреля, 2025
32.4 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметАудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов кезекті жеке қабылдауын өткізіп, тұрғындармен бетпе-бет жүздесті. Қабылдау барысында аудан азаматтары күнделікті өмірлерінде кездесетін түрлі әлеуметтік мәселелерін ортаға салды.

Қабылдау жиынына ауданның білім бөлімінің басшысы А.Қошқаров, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғ.Полатов, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Әлімқұл, сондай-ақ Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің әкімі Н.Сұлтанов пен Жамбыл ауылдық округінің әкімі Б.Маханбетов қатысты.

Азаматтар тарапынан көтерілген негізгі мәселелердің қатарында тұрғын үй мәселесі, ағын судың жетіспеушілігі, жайылымдық жердің аздығы, жолдардың жөнделуі және жұмыссыздық сияқты әлеуметтік маңызды проблемалар болды.

Аудан басшысы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, сұрақтарға нақты жауаптар берді. Кейбір мәселелер сол сәтте-ақ тиісті сала басшыларымен бірге қарастырылып, шешу жолдары ұсынылды.

«Халықпен ашық әрі тікелей сөйлесу – біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі. Жеке қабылдау – халық пен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды алаң. Мұндай кездесулер тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарға дер кезінде жауап алып, шешімін табуына сеп болады. Бүгінгі қабылдауға келген әрбір азаматтың мәселесі назардан тыс қалмайды. Қолдан келгенше көмектесіп, шешу жолдарын бірге қарастырамыз» – деді, Бақыт Насырханұлы.

Қабылдау соңында аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, көтерілген мәселелерді бақылауға алуды тапсырды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ