Сайрам ауданында Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Садықбекұлы Нышановтың төрағалығымен Сайрам аудандық СЭБ басқармасының 2024 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылау және 2025 жылға қойған міндеттері туралы жылды қорытындылау жиыны өтті.
Жиында қаралған мәселелер:
— коммуналдық және өнеркәсіптік, тағам, балалар және білім беру объектілерінің санитариялық-гигиеналық жағдайы;
— техникалық регламенттер талаптарының сақталуы;
— аса қауіпті, ауруханаішілік инфекциялардың, инфекциялық және паразитарлық аурулардың эпидемиологиялық жағдайы;
— мемлекеттік қызмет көрсетуді үйлестіру.
Аталған салалар бойынша баяндама оқылып, өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланып, алдағы уақытта санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды одан әрі күшейту мақсатында тапсырмалар беріліп, түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
