Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нұрбек Садықбекұлы Нышановтың төрағалығымен меншік нысанына қарамастан Түркістан облысы бойынша стоматологиялық қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың тіс дәрігерлеріне Қазақстан стоматологиялық Ассоциясының Түркістан облысы немесе қаласы бойынша филиалының өкілдерімен бірігіп онлайн, офлайн режимде «Стоматологиялық кабинеттерді күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында стоматологиялық кабинеттерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі, стоматологиялық кабинеттерді күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу және стандартты қауіпсіздік шаралары туралы бірқатар тақырыптар туралы айтылды. Семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
