Среда, 22 января, 2025
0.5 C
Мырзакент
ҮйАуыл шаруашылығы42 медицина қызметкеріне тәртіптік шара көрілді

42 медицина қызметкеріне тәртіптік шара көрілді

Күні кеше Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының жиыны өтті. Аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен өткен жиынға аумақтық мекемелердің басшылары, дербес бөлімдердің басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2024 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстары, ауданға бекітілген әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері индикаторларының және бюджеттің орындалуы, қысқы сор шаю, көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарының барысы жөніндегі мәселелер қаралды.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы М.Әшірепиев өткен жылы кестеге сәйкес 8 нысанға және жоспардан тыс 5 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Орын алған кемшіліктер бойынша 1 миллион теңгеден астам айыппұлдар салынған. Сонымен қатар, шұғыл хабарламалар бойынша аудандық 36 медициналық мекемеге тергеп-текесеру жұмыстары жүргізіліп, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы 36 қаулы шығарылған. Оның ішінде 5 КҚГҚ, 5 қызылша, 2 АІИ, 18 туберкулез және 5 паразитологиялық аурушандығының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілген.

Туберкулез және паразитологиялық аурушандықтары бойынша тергеп-тексеру барысында орын алған кемшіліктер бойынша 166 мың теңге айыппұл салынып, 42 медицина қызметкеріне түрлі тәртіптік шаралар көрілген.

Мұнан соң сөзге шыққан аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Тұрашев жыл қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері индикаторларының орындалуы бойынша баяндады. Аудан басшысы индикаторлар бойынша жоспарланған межені орындай алмаған басшыларға тәртіптік шара көруді тапсырды. Сондай-ақ, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Әлімқұл биыл қысқы сор шаю жұмыстары жылдағыдан 10 күнге кеш басталғанын атап өтсе, аудан басшысы ауылдық округ әкімдеріне шаруаларға науқанды шұғыл ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ