Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бекітілген жоспарға сәйкес, қызмет беруші мекемелерге жоспарлы тексеру жүргізді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 27-1 бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілетін жоспарлы тексеру.
«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшасының 8-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге – өтініш, жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың өлшемдері көрсетілген жер учаскесін бөлу схемасы және жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесін ұсынады(ҚР АШМ 1.10.2020ж. № 301).
Дегенмен, қызмет көрсетуші мекеме аталған мемлекеттік қызмет бойынша өтінім қабылдау барысында Қағидада ұсыну көзделмеген құжаттарды қоса қабылдағаны анықталды.
Атап айтқанда, қызмет алушы азамат 2023 жылғы 19 қыркүйекте жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау үшін қызмет көрсетуші мекемеге өтініш берген.
Алайда, қызмет көрсетуші маман өтінішке қоса Қағидада ұсынылуы көзделмеген құжат – жеке куәлік көшірмесін жинақтаған.
Бұл қызмет алушылардың жер учаскесін бөлу немесе біріктіру үшін басқа мекемелерден Қағидада ұсыну көзделмеген құжаттарды алуы (жинауы), азаматтардың әуре-сарсаңға салынуына және қызмет алудың қолжетімділігіне жасанды кедерлігер туындатады.
Бұл тұста, Департамент жүргізілген жоспарлы бақылау нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды болдырмау және алдағы уақытта алдын алу мақсатында ұсыныс берілді.
Қазіргі таңда, Департаменттің ықпалымен аталған бұзушылықтар жойылып, нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 200-ге жуық қызмет алушыларға қолданыстағы Қағидаға сәйкес қызмет мерзімінде көрсетілуде.
Мемлекетік қызмет істері агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаменті