Жұма, Қазан 18, 2024
20.9 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралда мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне барлық жағдайлар жасалған

Мақтааралда мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне барлық жағдайлар жасалған

Мақтаарал ауданында 62 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Барлық учаскелер интернет, байланыс телефоны, бақылау камераларымен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ, учаскелерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да толықтай жағдай жасалған.

Жалпы ауданымызда 2700-ден астам дауыс беру құқығына ие мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Оның ішінде 189 арбаға таңылған азаматтар, 350-ден астамы көзі көрмейтін, құлағы естімейтін азаматтар бар. Қалғандары – 2-3 топтағы мүмкіндігі шектеуілер.

Референдум учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы кабиналар, тактильдік көрсеткіштер, арнайы бұрыштар, мониторлы компьютерлер, құлақаспаптар, ұлғайтқыштар, тұтқалар және пандустармен жабдықталды. Сондай-ақ, көзі көрмейтін зағип жандар үшін тактильді жолақтар орнатылды.

«Референдум учаскелері» жекелеген санатын бөле отырып, inva.gov.kz сайтындағы интерактивті қолжетімділік картасына мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы жерлер көрсетілген ақпараттар электронды картаға енгізілген. Сонымен қатар, 11 сурдо-тифло аудармашы, 3 инватакси, 4 әлеуметтік таксилер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуде.

Айта кетейік, төсек тартып жатқан азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай қарастырылып, аталған азаматтар үйде отырып дауыс беруде.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ