1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай аудан әкімі Бақыт Асанов пен аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова кенттер мен ауылдық округтерді аралап, жасы 100-ге жеткен қариялардың, тыл ардагерлерінің, жалғызілікті қарттардың шаңырақтарына барып мерекемен арнайы құттықтады.
«Қарияларды әлеуметтік жағынан тұрақты қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады. Біз қарияларға жан-жақты қамқорлық жасау арқылы өскелең ұрпақты үлкендерді құрметтеуге үйретудеміз. Сіздерге бүгінгі қуанышты күні ұзақ өмір, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін. Әрдайым ортамызда үлкен сый-құрметке бөленіп, аман-есен жүре беріңіздер!» – деді, Бақыт Насырханұлы.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 10 мыңнан аса зейнеткер бар. Оның 244-і тыл ардагерлері. Сондай-ақ, 250-ге жуық жалғызілікті қариялар ғұмыр кешуде. Қарияларымыздың денсаулығын жақсартып, сауықтыру мақсатында түрлі шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орталықтарына жолдамалар берілуде.