Жұма, Қазан 18, 2024
20.9 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАР«Ақ көгершін» биікке самғап барады

«Ақ көгершін» биікке самғап барады

Мәдениет саласында көп жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан Роза Мұратова бүгінде «Мақтаарал» мәдениет үйі жанынан құрылған «Ақ көгершін» хор ұжымына жетекшілік етеді.  

 «Ақ көгершін» хор ұжымы аудандағы түрлі іс-шараларға белсене қатысып, аудан халқының ыстық ықыласына бөленіп келеді. Ұжым репертуарына негізінен патриоттық әндер мен жергілікті ақын, сазгерлердің шығармалары топтастырылған. Солардың арасында «Ана», «Атамекен», «Мақтааралым», «Қазақстан – қыран далам», «Конь», «Көзімнің қарасы», «Ақ көгершін», «Бір бала», «Отан – Ана», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Кер Маралдай» әндерін көрермендер жылы қабылдаған.

Хор ұжымының жетістігі де аз емес. Мәселен, олар облыстық «Талантты  жастарды қолдау» жобасы аясында өткен «Өнерлі ұжым» байқауынан І орын, облыстық «Дауыстар үндестігі» фестивалінде, Қазақ хандығының 550 жылдығында, Ұлы Жеңістің 70 жылдығында, Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚР Конституциясының 20 жылдық мерекелерінде жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін облыс, аудан әкімдерінің дипломымен, Алғыс хаттарымен марапатталған. 

Роза Аманханқызы жетекшілік ететін «Ақ көгершін» хор ұжымының алар асулары әлі алда.

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ. 

Мақтаарал ауданы.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ