Жексенбі, Қараша 24, 2024
14.3 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Тимур Қырықбаев Мақтаарал ауданына іс-сапармен келді

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Тимур Қырықбаев Мақтаарал ауданына іс-сапармен келді

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Тимур Қырықбаев Мақтаарал ауданына іс-сапармен келіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайымен танысты.

Ең алдымен депутат аудандық партия филиалының ғимаратында, азаматтардың арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген аудан тұрғындары тарапынан Атакент кентіндегі стадион мен саябақты реконструкциялау, рұқсатсыз сатылып жатқан психотроптық дәрілерге тоқтам қою, жұмысқа орналасу, аудан аумағынан әуежай салу, ПУИД-2 бағдарламасы аясында салынған каналдардың сапасыз жұмыстары, дренаждарды іске қосу, Мырзакент мақта өңдеу зауытынан шығатын шаң,«Ауыл аманаты» жобасы аясында беріліп жатқан 2,5 % несие, учаскелік жер телімдерін беру, медициналық нысандар салу, әлеуметтік сала, ауыз су, елді мекендерді көгілдір отынмен қамту, техникалық қызметкерлердің еңбек ақысын көтеру және «Асыл» бағдарламасын Мақтаарал ауданына енгізіп беру бойынша мәселелер көтеріліп, сұрақтар қойылды. Депутат әрбір сұрақ пен мәселені мұқият тыңдап, қанағаттанарлық жауаптар берді.

Мұнан Темір Базарбайұлының жұмыс сапары «Мырзакент» емханасында жалғасын тауып, аудандағы денсаулық сақтау саласы бойынша өзекті мәселелермен танысып, тиісті сала басшыларымен талқылады.

Халық қалаулысы суғару маусымының барысымен және ИДЖЖ-2 жобасы аясында тік дренаждарды іске қосу бағытында орын алған өзекті мәселелерді талқылау жөнінде Еңбекші ауылдық округінде тұрғындармен және сала мамандарымен кездесу өткізді. Сонымен қатар, Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғбас елді мекеніндегі құрылысы жүріп жатқан «Алғабас» мәдениет үйінде болып, ауданның мәдениет саласындағы инфрақұрылыммен танысты.

Т.Қырықбаев Мақтарал ауылдық округіне қарасты Өркениет елді мекенінде құрылысы жүріп жатқан спорт кешенінде де болды.

Аталған құрылыс нысаны 2023 жылы басталған. Қазіргі таңда нысанның сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Спорт кешені ел игілігіне берілгеннен соң Атакент кенті мен Мақтаарал ауылдық округі жастарының көптеген спорт түрлерімен кәсіби деңгейде айналысуына мүмкіндік туады.

Жалпы спорт кешенінде үлкен спорт залы, әкімшілік қызметкерлеріне арналған кабинеттер мен бөлмелер, дәрігерлердің кабинеті, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, спортпен шұғылданушылардың демалуына арналған үй-жайлар, санузельдер және ғимарат сыртында автотұрақ пен шағын футбол алаңшасын орналастыру жоспарланған. Мұнда спорттың гандбол, баскетбол, волейбол, бокс, гимнастика, ауыр атлетика және жеңіл атлетика түрлері дамытылатын болады.

Айта кетейік, депутат аудандағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысын да арнайы барып көрді. Аудан әкімі Бақыт Асанов аудандағы өзекті мәселелер туралы кеңінен жеткізіп, кейбір шешімін таппаған мәселелерді Үкіметтік деңгейде көтеруін сұрады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ