Жұма, Қыркүйек 20, 2024
17.9 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда "Даңқ" аллеясына тазалық жұмыстары жүргізілді

Мақтааралда «Даңқ» аллеясына тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Мақтаарал ауданында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумақтары абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін аудан орталығы Мырзакент кентінде орналасқан Даңқ аллеясының аумағы ретке келтірілді. Іс-шара барысында нысан аумағындағы ағаштар ақталып, жабайы шөптерден тазаланды. Сонымен қатар, гүл егу үшін жер дайындалды.

Айта кетейік, С.Қожанов көшесінің бойында орналасқан мәңгілік алау ескерткіші аудан әкімінің бастамасымен 2020 жылы жөндеуден өткен болатын.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ