ҚР Үкіметі бекіткен наурызнаманың 10 күндігіне сәйкес, 18-наурыз – Ұлттық киім күні.
Осыған байланысты аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен аудандағы барша мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде аудан әкімі аппаратының ұжымы, аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен мамандары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері мен мамандары жұмысқа ұлттық киім киіп келді.
Аудан әкімдігінің дербес бөлімлерінің ғимаратының алдында әжелер алқасының ұйымдастыруымен дастархан жайылып, жұмысқа келген қызметкерлерге наурыз көже ұсынылды.
Іс-шара барысында аудан басшысы сөз сөйлеп, ұлттық болмысымызды, мәдениетіміз бен дәстүрімізді нығайтатын кез келген бастаманы қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ, баршаны келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.
Мақтааралда мемлекеттік қызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен келді
ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР