Skip to content
Басты бет / СЭС / Зоонозды тері лейшманиоз – бұл трансмиссивтік, паразитарлық, табиғи – ошақтық аурулар

Зоонозды тері лейшманиоз – бұл трансмиссивтік, паразитарлық, табиғи – ошақтық аурулар

16

Зоонозды тері лейшманиоз – бұл трансмиссивтік, паразитарлық, табиғи – ошақтық аурулар. Ауру қоздырғышы – лейшмания (Leishmania кеміргіштер, негізінен үлкен құмтышқандар табиғи резервуар болып табылады.

Тасымалдаушы — үндемес масалар – қаңсорғыш жәндіктер Phlebotomus papatasi. Адам инфекция көзі бола алмайды.

Ересектер мен балалар зоонозды тері лейшманиозының қоздырғышына бірдей сезімтал. Аурудан кейін адамда иммунитет дамиды (4 айдан соң тұрақты иммунитет пайда болады). Таралу мезгілдері: шілде – қыркүйек, жұқпа жұқтырған адамдар – тамыз — кыркүйек айлары. Инкубациялық мерзімі: 1аптадан 1 айға дейін, көбінесе 10-20 күн. Диспансерлік бақылау — лейшмониоздың тері нысанымен ауырып сауыққан адамдарға бір жыл бойы.

Зоонозды тері лейшманиозының диагностикалық критерийлері:

Ауру үндемес шаққан орында қабынған терімен қоршалған дөңестің пайда болуынан басталады. Дененің ашық бөліктерінде бір немесе одан да көп жаралардың пайда болуы – бұл бет, мойын, қолдар мен аяқтар. 2 ай көлемінде жара үлкейіп ауыратын болады. 3-4 айдан соң ашық қабылған жара пайда болады. 4- айдан соң іріңнен тазаланып, өмір бойы сақталатын тыртықтар қалдырады. Аурудың ұзақтығы 6 ай.

Алдын алу мақсатында жыл сайын 3 км радиуста тері лейшманиозының табиғи ошағы елді мекендерінің айналасындағы кеміргіштерді дератизациялау және трактормен жырту, арқылы кеміргіштердің індерін жою жүргізіледі.

Тері зақымдануы (жара) анықталған жағдайда облыстық дермато — венерологиялық диспансердің дерматолог дәрігеріне жүгіну қажет.


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.
↑