Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда қоғамдық орындардағы тазалық талаптарының сақталуы қатаң бақылауда

Мақтааралда қоғамдық орындардағы тазалық талаптарының сақталуы қатаң бақылауда

129

Мақтаарал ауданында қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында құрылған мобильді топ аудан аумағында рейдтік және профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жалғастыруда.

Мобильді топтың негізгі мақсаты – қоғамдық орындардың санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру талаптарының орындалуын бақылау, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.

Осы мақсатта мобильді топ өкілдері аудан аумағындағы саябақтар мен скверлерді, жағалау аймақтарын, демалыс орындарын, базар аумақтарын және халық көп шоғырланатын өзге де қоғамдық орындарды аралап, тазалық талаптарының сақталуына бақылау жүргізуде.

Кезекті рейдтік іс-шаралар барысында қоғамдық орындарда тазалық қағидаларын бұзудың 22 фактісі анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар демалыс аумақтарында, саябақтарда, базар маңында және басқа да халық көп шоғырланатын орындарда тіркелген.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 4 тұлғаға қатысты 4 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, Кодекстің 505-бабы бойынша 18 тұлғаға қатысты 7 әкімшілік хаттама рәсімделді. Нәтижесінде құқық бұзушыларға жалпы 328 700 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Рейд барысында мобильді топ мүшелері тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, қоғамдық орындарда тазалық сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін ескертуде. Сонымен қатар, белгіленбеген орындарға қоқыс тастауға, қоғамдық аумақтарды ластауға және абаттандыру талаптарын бұзуға жол берілмейтіні жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.
↑