Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі басшысының қызметіне азаматтық қорғау майоры Мұзаппар Бақдаулет Мұхамедәліұлы тағайындалды.
Ол 1996 жылы 02 шілде күні Түркістан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.
Бақдаулет Мұхамедәліұлы – азаматтық қорғау саласында тәжірибесі мол, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті маман.
Күні кеше аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров жаңа басшыны жеке қабылдап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.





