Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда «Таза Қазақстан» аясында рейдтік жұмыстар күшейтілді

Мақтааралда «Таза Қазақстан» аясында рейдтік жұмыстар күшейтілді

99

Мақтаарал ауданында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Аталған жұмыстар «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылып, аудан аумағындағы қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және абаттандыру талаптарының орындалуына ерекше мән берілуде.

Осы бағытта тиісті сала мамандары мен жауапты мекеме өкілдерінен құралған мобильді топ құрылып, аудан аумағында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде.

Мобильді топ мүшелері саябақтар, скверлер, жағалау аймақтары, демалыс орындары, базар аумақтары, аулалар және халық көп шоғырланатын өзге де қоғамдық орындарды аралап, тазалық талаптарының сақталуына бақылау жүргізуде.

Рейд барысында азаматтарға қоғамдық орындарда тазалық сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау, абаттандыру талаптарын бұзбау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аралау нәтижесінде тазалық қағидаларын бұзудың жалпы 18 фактісі анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда, демалыс аумақтарында, саябақтарда және базар аумақтарында санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарын сақтамаған азаматтар тіркелді.

Анықталған құқық бұзушылықтардың заңдылығына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 1 тұлғаға қатысты 1 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, аталған Кодекстің 505-бабы бойынша 13 тұлғаға қатысты 13 әкімшілік хаттама рәсімделіп, құқық бұзушыларға әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды. Нәтижесінде жалпы 164275 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Мобильді топтың жұмысы тек құқық бұзушылықтарды анықтаумен шектелмей, оның алдын алуға да бағытталған. Рейд барысында тұрғындарға тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызы түсіндіріліп, қолданыстағы заңнама талаптары жеткізілуде.

Айта кету керек, қоғамдық орындардың тазалығы – ең алдымен тұрғындардың ортақ жауапкершілігі. Аудан аумағын таза әрі көрікті ұстау, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау, абаттандыру нысандарына ұқыпты қарау – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. Осыған байланысты Мақтаарал ауданында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.