Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас елді мекеніндегі №423 сайлау учаскесіне батырлар кейпінде бір топ азамат келіп, Құрылтай сайлауында дауыс берді.
Ұлттық нақыштағы ерекше образда келген батырлар сайлау учаскесіне жиналған тұрғындардың назарын аударды. Олар өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Қазақ халқының тарихы мен дәстүрін дәріптейтін батырлар бейнесі Құрылтайдың елдік маңызын айшықтай түсті.
Сайлау учаскесіне келген тұрғындар да ерекше көрініске қызығушылық танытып, батырлармен бірге естелік суреттерге түсті. Мұндай мазмұндағы шаралар ұлттық құндылықтарды насихаттап, тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған.


