Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда сайлау күні спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды

Мақтааралда сайлау күні спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды

112

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына орай Мақтаарал ауданындағы бірқатар сайлау учаскелерінде тұрғындардың көңіл күйін көтеріп, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сайлау күні тұрғындардың азаматтық белсенділігімен қатар, қоғамдық және мәдени өмірдің де қайнаған сәтіне айналды. Дауыс беруге келген азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырып қана қоймай, сайлау учаскелерінде ұйымдастырылған түрлі спорттық жарыстар мен мәдени бағдарламаларды тамашалауға мүмкіндік алды.

Сайлау учаскелерінде ұлттық және басқа да спорт түрлерін дәріптеуге ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, тұрғындар арасында гір тасын көтеру, асық ату, шахмат және дойбы сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Жарыстарға түрлі жастағы тұрғындар қатысып, өздерінің спорттық шеберліктерін ортаға салды. Әсіресе асық ату сынды ұлттық ойындарға балалар мен жастардың қызығушылығы жоғары болды. Ал гір тасын көтеру сайысы күш пен төзімділікті талап етсе, шахмат пен дойбы жарыстарында қатысушылардың ой ұшқырлығы мен шапшаң шешім қабылдау қабілеті сыналды.

Жарыстар тартысты әрі қызықты өтіп, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы жүлделермен және марапаттармен атап өтілді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жастарды белсенді өмір салтына баулуға ықпал етті.

Спорттық сайыстармен қатар, сайлау учаскелерінде мәдени іс-шаралар да ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен өнерлі тұрғындар арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, жиналған жұртшылыққа әннен шашу шашты.

Әсем әуен мен көтеріңкі көңіл күй сайлау учаскелеріндегі ерекше атмосфераны қалыптастырды. Өнерпаздардың орындауындағы патриоттық және халықтың сүйікті әндері тұрғындарға жақсы көңіл күй сыйлап, мерекелік әсер қалдырды. Мәдени бағдарлама барысында өнерпаздар өздерінің шығармашылық өнерін ортаға салып, ел бірлігі, туған жер, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыптарындағы әндерді орындады.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына арналған 62 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп, тұрғындар өздерінің азаматтық таңдауын жасауда.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.