Құтыру – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын аса қауіпті вирустық ауру. Ол адамға көбінесе құтырған жануардың (ит, мысық, түлкі және т.б.) тістеуі немесе сілекейі арқылы жұғады.
Негізгі белгілері:
• дене қызуының көтерілуі,
• жара орнында ауру және қышу сезімі,
• үрей, мазасыздық,
• жарық пен судан қорқу,
• бұлшықеттердің тартылуы, есінен тану.
Жұғу жолдары:
Ауру адамға ауру жануардың сілекейі арқылы, көбіне тістеген немесе тырнаған кезде жұғады.
Алдын алу шаралары:
• ит пен мысыққа уақытылы вакцина салдыру,
• дала жануарларымен байланысқа түспеу,
• тістеген жағдайда жараны сабынды сумен жуу және дәрігерге дереу қаралу,
• адамға да құтыруға қарсы екпе салдыру қажет.
Қорытынды:
Құтыру – емделмейтін, бірақ алдын алуға болатын қауіпті ауру. Вакцина мен сақтық – өмірді сақтайтын басты шара.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А.Еркінбекова



