Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Еркебұлан Дауылбаев Мақтааралда бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады

Еркебұлан Дауылбаев Мақтааралда бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады

198

2026 жылғы 25 маусымда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына келді.

Іссапар аясында өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымның жай-күйі, құрылыс жұмыстарының қарқыны, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстармен кеңінен танысты.

Жұмыс сапары аясында алғашқы нысан ретінде ҚазССР-нің 40 жылдығы ауылындағы «Толағай» сауықтыру лагерінің жұмысымен танысудан бастады. Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Атакент кентіндегі МКҚК №9 «Жігер» бөбекжай балабақшасының қазіргі жағдайын қарап шығып, нысанның мәселелерін зерделеді.

Сапар барысында ауданның арнайы экономикалық аймағында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың құрылыс жұмыстарына ерекше назар аударды. Бұл – өңір экономикасына инвестиция тарту, өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

Бағдарламаға сәйкес, облыс әкімінің орынбасары облыстық маңызы бар КХ-77 «Дихан – Еңбекші – Жайылбаев – Жеңіс – Сырдария – Фирдоуси» автомобиль жолының 27+600 шақырымындағы көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, Фирдоуси елді мекенінде бой көтеріп жатқан 12 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй құрылысының барысын қарап, мердігер мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Мырзакент кентінде де бірқатар маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Атап айтқанда, Тайғанов көшесінде ораналасқан «Мырзакент» мектеп-гимназиясының күрделі жөндеу жұмыстарының орындалу барысы зерделенеді. Сондай-ақ, Мәдіқожаев көшесінде орналасқан «Оқу өндірістік комбинаты» мекемесінің қызметімен танысып, білім беру саласындағы материалдық-техникалық базаны дамыту бағытындағы жұмыстар қаралды.

Жұмыс сапары барысында Мырзакент кентінде салынып жатқан жаңа буынды дамыту орталығының құрылысы да назардан тыс қалмады. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №6 арнайы балабақша-бастауыш мектеп-интернатының жағдайымен танысып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жасалып отырған жағдайлар сараланды.

Күннің екінші жартысында облыс әкімінің орынбасары аудан әкімдігінде өткен мәжіліске қатысып, сапар барысында анықталған мәселелер мен алдағы міндеттерді талқылады. Жиында құрылыс сапасы, әлеуметтік нысандардың пайдалануға берілу мерзімдері, инвестициялық жобалардың орындалуы және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар кеңінен қозғалды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріліп, белгіленген жобаларды уақытылы әрі сапалы аяқтау міндеті жүктелді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.