Skip to content
Басты бет / СЭС / Жазғы маусым қарсаңында туристік аймақтардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы бақылауда

Жазғы маусым қарсаңында туристік аймақтардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы бақылауда

25

✍️Жазғы маусым қарсаңында Қазақстанда туристік аймақтар мен жаппай демалыс орындарында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Туристік инфрақұрылым объектілерінде, оның ішінде жағажайларда, қонақүйлерде, демалыс базаларында, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен бассейндерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылуда.

🇰🇿Жазғы маусымға дайындық шеңберінде санэпидқызмет органдары объектілердің дайындығына бағалау жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою және қызметті санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру бойынша ұсынымдар береді.

🇰🇿Комитеттің аумақтық бөлімшелері тұрақты негізде объектілердің санитариялық жағдайына мониторинг жүргізіп, профилактикалық іс-шаралар мен бизнес субъектілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруда. Негізгі міндет – халық денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алу және демалушылар үшін қауіпсіз жағдай жасау.

📒Қолданыстағы санитариялық қағидаларға сәйкес туристік объектілер қауіпсіз сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен, тұрақты тазалау және дезинфекциялау жұмыстарымен, сондай-ақ келушілердің жеке гигиенаны сақтауына қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуі тиіс. Су сапасын өндірістік бақылау және зертханалық мониторингтеу маңызды рөл атқарады.

☝️Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде су сапасы мен қоршаған ортаның жай-күйіне зерттеулер жүргізілді. Атап айтқанда, І санаттағы су айдындарынан алынған 352 су сынамасының 14-і санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша талаптарға сәйкес келмеді. ІІ санаттағы су айдындарынан алынған 156 су сынамасының 5-інде сәйкессіздіктер анықталды. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінде 18 803 су сынамасы зерттелді, оның ішінде 278 сынама санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша, ал 101 сынама микробиологиялық көрсеткіштер бойынша талаптарға сәйкес келмеді. Бұдан бөлек, топырақ сынамаларына зерттеулер жүргізілді: 59 сынама санитариялық-химиялық көрсеткіштерге, 13 сынама бактериологиялық көрсеткіштерге және 5 сынама гельминт жұмыртқаларының болуына зерттелді. Зерттеу нәтижелері бойынша топырақ сынамаларынан сәйкессіздіктер анықталған жоқ.

📒Анықталған барлық сәйкессіздік фактілері бойынша қажетті шаралар қабылдау және басқарушылық шешімдер шығару үшін жергілікті атқарушы органдарға хаттар жолданды.

✅️Жүргізіліп жатқан жұмыстар инфекциялық аурулардың туындау қаупін төмендетуге, туристік қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтар мен ел қонақтарының қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.