Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда құқық бұзушылық профилактикасы бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Мақтааралда құқық бұзушылық профилактикасы бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

76

2026 жылғы 24 маусымда Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұловтың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Аталған іс-шараға Комиссия мүшелері, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Түркістан облысы бойынша Мақтаарал аудандық бөлім қызметкері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері және аумақтық мекеме басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде ұрлықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру (пәтер, автокөлік, мал ұрлығы, қалта және ұялы телефон ұрлығы) мақсатында мүліктік қылмыстарды болдырмау және алдын алу профилактикасы, халықтың алкоголизациясының алдын алу туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жұмыстар жөнінде мәселелер қаралды.

Отырыста аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Есімжан Надиров, «Атакент» аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әлімжан Нурашев, «Мырзакент» аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бауыржан Мурзалиев, сондай-ақ Мақтаарал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрғали Елшібаевтар баяндама жасап, өз салаларындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары бойынша нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Серік Алтынбекұлы комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді, ұрлықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024–2026 жылдарға арналған бағдарламаны тиімді іске асыруды, профилактикалық іс-шаралардың нәтижелілігін арттыруды, халықтың алкоголизациясының, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық құндылықтарды насихаттау жұмыстарын жүйелі жүргізуді, сондай-ақ халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынды.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.