Skip to content
Басты бет / MAKTAARAL TV / «Азамат» еріктілер тобы және «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы мүшелерінің бастамасымен сенбілік ұйымдастырылды

«Азамат» еріктілер тобы және «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы мүшелерінің бастамасымен сенбілік ұйымдастырылды

214

Мақтаарал аграрлық колледжінде 1-наурыз Алғыс айту күніне арналған жоспарға сәйкес, «Гүл ек, тал ек, жерді түлет!» тақырыбында «Азамат» еріктілер тобы және «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы мүшелерінің бастамасымен сенбілік ұйымдастырылды.

Қажетті құрал-жабдықтармен қаруланған оқушылар ауланы ретке келтірді, колледж ауласында ағаш көшеттерін отырғызды, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сенбілік ұйымдасқан түрде және өте жағымды көңіл күйде өтті.

Қоршаған әлем – бұл біздің үйіміз. Біз ондағы тазалық пен тәртіпті сақтауымыз керек. Студенттер өздеріне және жасаған жұмыстарына риза болды.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.