Skip to content
Басты бет / СЭС / ҚҰРБАН АЙТТА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН САҚТАЙЫҚ

ҚҰРБАН АЙТТА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН САҚТАЙЫҚ

12

Бүкіл мұсылман қауымының ең басты әрі қасиетті мерекелерінің бірі – Құрбан айт мейрамы. Құрбан айт күндері мұсылман жұртшылығы құрбандық шалып, туған-туыстарымен, көршілерімен және мұқтаж жандармен бөлісіп, ізгі амалдар жасауға ұмтылады. Құрбандық шалу барысында өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың денсаулығын сақтау, тағамнан уланудың алдын алу мақсатында санитариялық және ветеринариялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет.

Қауіпсіздік шаралары:

— Құрбандық шалуды арнайы белгіленген мал сою орындарында жүзеге асыру;

— Құрбандыққа шалынатын малдың сау әрі кемшіліксіз болуына назар аудару;

— Малдың ветеринариялық құжаттарының болуын тексеру;

— Ет пен ет өнімдерінің сапасы, сақталу мерзімі және тасымалдану талаптарының сақталуын қадағалау;

— Шикі және дайын тағамдарды бірге сақтамау;

— Күмән тудыратын немесе пайдалануға жарамсыз тағамдарды тұтынбау;

— Мал сою кезінде санитариялық тазалықты сақтау, қалдық-қоқыстарды уақытылы шығару;

-Қақпағы бар жабық контейнерлерді пайдалану;

— Үздіксіз таза су қорымен қамтамасыз ету;

-Терінің іріңді аурулары бар немесе инфекциялық ауруларға күдікті адамдарды мал сою жұмыстарына қатыстырмау;

-Қоғамдық тамақтану орындары мен мешіттерде санитариялық талаптарды сақтау, желдету және ауа баптау жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуіне назар аудару.

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлық мерекеде жасаған барлық дұға-тілектеріңіз қабыл болып, әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық әкелсін!

Құрбан айт құтты болсын!


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.