Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Аудан әкімі Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

48

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру, сондай-ақ тұрғындарды жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде кеңінен ақпараттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Осы орайда, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудан тұрғындарымен жоспарлы кездесулер өткізуде. Кезекті көшпелі кездесу Бірлік ауылдық округінде ұйымдастырылып, оған аудан активі мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімі 2025 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2026 жылға жоспарланған негізгі жобалар мен міндеттерді таныстырды. Сонымен қатар, Бірлік ауылдық округінде жүзеге асырылған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, Еркінабад елді мекенінде 200 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Округ бойынша 8 жаңа аялдама орнатылды. Қоңырат елді мекенінде жергілікті түлектердің қолдауымен тұрғындарға арналған спорттық ойын алаңшасы салынды. Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен 2025 жылы 3 көшеге тас төселіп, 1 көше асфальтталды.

Кездесу соңында ашық микрофон форматында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді аудан әкіміне тікелей жеткізді. Көтерілген негізгі мәселелер қатарында фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) салу, жолдарды асфальттау және көшелерді жарықтандыру мәселелері болды.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстар назарға алынып, аудан әкімі тарапынан нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.