Дүйсенбі, Қараша 25, 2024
6.4 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықАзаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған меморандумға қол қойылды

Азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған меморандумға қол қойылды

Бүгінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес жеке инвестициялық жоба негізінде ашылатын жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осы ретте Жетісай және Мақтаарал аудандарында 4 жақты серіктестік Меморандумға қол қойылды.

Тарқата айтсақ, Жетісай ауданында 4 жеке инвесторлармен кездесу өткізіліп, аудан бойынша 1 млрд 110 млн теңге көлемінде инвестиция құюға келісім жасалды. Алдағы уақытта ол қаржыға сүт өңдеу, көкөніс қоймасы, мата өндірісі және емдеу сауықтыру бойынша жұмыстар ашылмақ. Одан бөлек, Мақтараал ауданы бойынша 3 жеке инвесторлармен кездесу өткізіліп, аудан бойынша 1 млрд 800 млн теңге көлемінде инвестиция құйылады. Ауданда жұмыртқа өндіру, тамшылатып суару және асфальт өндірісі қолға алынады.

Айта кетсек, меморандум инвестициялық жоба негізінде ашылатын жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған. Жалпы облыс көлемінде жеке инвестициялық жобалар аясында 800-ден астам жұмыссыз азаматтың жұмыспен қамтылуы жоспарланып отыр.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ