Сенбі, Қараша 23, 2024
14.2 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚЖастарға дұрыс жол көрсету - парызымыз!

Жастарға дұрыс жол көрсету – парызымыз!

Бүгін аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен Атакент кентінде орналасқан №14 колледжде «Жемқорлыққа жол беру – ұрпақтың болашағына балта шабу» атты жастармен tedx форматында кездесу өткіздім.

Әрине, қазақ халқы қашан да ұлттың болашағы саналған жастарды тәрбиелеу ісіне үлкен мән берген. Сондықтан да, бүгінгі кездесудің маңызы зор болды.

Еліміздегі келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне үлкен зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздігімізге орасан зор нұқсан келтіреді. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл дертке тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Кездесуде жас ұрпақты адал жолмен жүруге, біреудің ала жібін аттамауға, жала жаппауға біреудің дүниесіне қызығып қол сұқпауға,арлы, намысты, жігерлі болуға, ата-анаға қарсы келмеуге, айналаңа, Отанға үлкен құрметпен қарауға. Терең білім алып, жақсы маман болу арқылы ғана елдің дамуына өз үлестерін қоса алатынын жеткіздім.

Іс-шара барысында жастарға ойындағысын қысылмай айтуға көкейде жүрген сұрақтары болса кез келген уақытта жәрдем беруге дайн екенімді жеткіздім.

Ел мүддесі мен келешегін ойлайтын рухани бай жастарды тәрбиелеу үшін біз аға буын осындай іс-шараларға жиі қатысып, парасатты, патриот, дені сау жастарды тәрбиелеу ісінде белсенділік танытуымыз керек. «Мен жастарға сенемін!»-деп Мағжан Жұмабаев айтып кеткендей, намысы биік, адал, айбынды, рухты жастар бар кезде, елдің іргесі қашанда мықты болады.

Қанат Мырзахметов, аудандық мәслихаттың депутаты

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ