Четверг, 30 октября, 2025
18.6 C
Мырзакент
ҮйСЭСҮлгілік мектептерге апта сайын апробация жұмыстары жүргізіледі

Үлгілік мектептерге апта сайын апробация жұмыстары жүргізіледі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасымен облыстағы білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандартын енгізу аясында және озық тәжірибені апробациялау үшін белгіленген үлгілік мектептерге Түркістан облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті білім және денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Үлгілік мектептер ретінде Түркістан қаласында орналасқан №32 ЖББМ (Келешек мектебі), Кентау қаласында орналасқан №14 Әл-Фараби атындағы эстетикалық-лингвистикалық бағытындағы мектеп-гимназия таңдалды.

Жұмысшы топ келесі бағыттар бойынша жұмыс атқарады:

 Тамақтану стандартына қойылатын талаптарды талдау;

 Стандартты енгізу кезінде туындайтын мәселелерді анықтау;

 Қолданыстағы перспективті ас мәзірін сараптау;

 «Жеуге жарамсыздық индексін» бағалау;

 Ас блогындағы жауапты тұлғалар мен медицина қызметкерлерінің міндеттерін нақтылау.

Мониторинг нәтижелері мен анықталған проблемаларды жою жөніндегі әзірленген шаралар мектептегі тамақтануды тиімді ұйымдастырудың үлгісі ретінде облыстың басқа білім беру ұйымдарына тарату үшін пайдаланылатын болады.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ