Среда, 30 июля, 2025
26.9 C
Мырзакент
ҮйСЭСТез бұзылатын тамақ өнімдері

Тез бұзылатын тамақ өнімдері

Жаз мезгілінде тамақтар тез бұзылуға бейім, себебі бұл кезеңде түрлi микробтар белсендiлiгi артады. Сондықтан тамақтан уланудың алдын алу үшін азық-түлiк өнiмдерiнiң сақталуына айрықша мән берiп, тиiстi температурада болуын ұдайы қадағалаған дұрыс.

Тез бұзылатын тамақ өнімдері – тасымалдауға, сақтауға, сатуға арналған ерекше жағдайларды, белгіленген қатаң уақытты талап ететін тамақ өнімдері. Оларға:

– ет және ет өнімдері;

– сүт және сүт өнімдері;

– балық және теңіз өнімдері;

– жұмыртқа және жұмыртқадан жасалған өнімдер;

– кулинарлық дайын өнімдер;

Жоғарыда аталған тағамдардың санитариялық талаптарын сақтамаса, тұтынушыларға жеткенше өнімнің құрамының бұзылуы әбден мүмкін. Дүкендерден сатып алынатын тағамдардың жарамдылық мерзiмi мен сыртқы түрiне, этикеткасына, маркировкасына мән беріп, қоғамдық тамақтану орындарында және бiрқатар сауда жаймаларында тиiстi температуралық режимде сақталынған, тоңазытқыш, мұздатқыш қондырғыларымен жабдықталған тағамдар мен салаттарды тұтыну керек. Орамасы бүлiнген жағдайда, тiптi жарамдылық мерзiмi анық көрсетiлсе де өнiмдi сатып алуға асықпаған дұрыс. Өйткенi, мұндай орамада кез келген тағам тез бұзылады.

Тәттi кремдi-кондитер өнiмдерiн тек температуралық жағдайы сақталынған дүкендерден ғана алуға кеңес беремiз. Онда да тауардың қауiпсiздiгiн растайтын құжаттарды талап етiп, сатып алған дұрыс. Дайын тағамдарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтауға болмайды. Тiптi, тоңазытқыш iшiнде де дайын тағамдарды көп ұстамау керек.

Деніңіздің саулығы үшін тамақтанар алдында төмендегі ұсынымдарды сақтауға кеңес береміз:

– жеке гигиена талаптарын сақтау;

– термиялық өңдеуге жатпайтын жемiс-жидектердi ағынды сумен жуу;

– тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштарда сақтау;

– үй жағдайында дайындалған немесе консервiленген (ет, балық, саңырауқұлақ) өнiмдерiн белгiсiз адамдардан сатып алмау;

Егер тағамның түрi, түсi, иiсi және тағы басқа күмән тудыратын жағдай кездессе, мұндай тағамды мүлдем пайдаланбаған дұрыс.

Салауатты әрi дұрыс тамақтану – денсаулық кепiлi. Ол балалардың дұрыс өсуi мен дамуын қамтамасыз етедi. Ал, ересектер үшiн жұмысқа деген қабiлет пен құлшынысты арттырып, түрлi аурулардың алдын алуды нығайтатын негiзгi фактор болып табылады.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ