Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
28.5 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАР«Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша өтінім қабылдау басталды!

«Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша өтінім қабылдау басталды!

Достар! 👏

Біз қуана отыра, «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша қосымша өтінім қабылдаудың сағат 9:00 де басталатынын жариялаймыз!

Біздің парақшамызда өтінім беру жөніндегі бейненұсқаулық қолжетімді. Барлық өтінімдер «Baspana Market» жылжымайтын мүлік порталында қыркүйектің 25-не дейін қабылданады.

«Отау» және «Наурыз» бағдарламаларының қатысушысы болу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1. Егер әлі депозит ашпаған болсаңыз, Отбасы банкінде депозит ашыңыз.

2. Отбасы банкінде жинақ шотыңызда кем дегенде 1 млн теңге бар екеніне көз жеткізіңіз. Бұл депозитті өтінім берудің алдында бір төлеммен салуға болады.

3. Соңғы 5 жылда өзіңіздің және отбасы мүшелеріңіздің (жұбайыңыз және кәмелетке толмаған балаларыңыз) меншігінде тұрғын үй болмағанын тексеріңіз. Егер сіз некеде болмасаңыз, тек сізге тексеру жүргізіледі.

Біз сіздердің өтінімдеріңізді асыға күтеміз! «Отау» және «Наурыз» бағдарламасы сіздің өз үйіңіз туралы арманыңызды жүзеге асыруға көмектесетініне сенімдіміз!

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ