НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары!
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәдениет және ақпарат министрлігі Наурыз мейрамын тойлаудың тұжырымдамасын жариялады. Биылдан бастап Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланып, жыл сайын 14 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі өткізіледі.
Аталған 10 күндіктің ішінде 19 наурыз – Жаңару күні бар. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды. Сонымен қатар, наурызнаманың қорытынды күні, жаңа жылды қарсы алудың символы ретінде 23 наурыз – Тазару күні деп жарияланған. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция аясында сенбіліктер өтеді.
Осыған байланысты Сіздерді көшет егу және тазалық іс-шарасына жаппай қатысуға шақырамыз!
ТАЗА ҚАЛА, ТАЗА АУЫЛ – ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ!