Мақтаарал ауданындағы «Абдул Әкім» орталық мешіті жанынан аудандық орталық кітапхана ұжымымен бірлесіп ҚМДБ төрағасының тапсырмасына орай жылжымалы кітапхана ашылды.
Кітапханада оқырмандар қызыға оқитын көркем әдебиеттермен қатар, діни әдебиеттер де бар. Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын, прозалық, поэзиялық дүниелерді, тарихи туындыларды осы жерден табасыз. Кітапхана оқырмандарды күнделікті қабылдауға дайын.
Кітапхананың ашылу салтанатына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Бабашев, «Абдул Әкім» мешітінің бас имамы Нұржан Мұсабеков, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Тәтеев, орталық кітапхана басшысы Г.Ақбаева қатысып, мешітке келген жамағат енді кітапханаға бас сұғып, рухани ләззат ала алатынын айтты.
Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ.
Мақтаарал ауданы.