Бейсенбі, Қараша 21, 2024
13.6 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралдан 80 тонна гуманитарлық көмек Батыс өңірлеріне жіберілді

Мақтааралдан 80 тонна гуманитарлық көмек Батыс өңірлеріне жіберілді

Мақтаарал ауданынан 80 тонна гуманитарлық көмек Батыс өңірлеріне, оның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының су тасқынынан қатты зардап шеккен елдімекендеріне жіберілді.

Су тасқынының алғашқы күндері шұғыл түрде 6 газель көлігімен 20 тонна гуманитарлық көмек жөнетілген болса, бүгін 60 тонна гуманитарлық көмек тиелген 2 үлкен жүк көлігі жолға шықты.

«Күшіміз бірлікте» деп ұрандатқан Мақтаарал ауданының тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мектеп, балабақша тағы басқа мекемелердің ұжымдары, қоғам белсенділері және еріктілер екі күннің ішінде Мырзакент пен Атакент кентіне қойылған жүк көліктерді заттарға лық толтырды. Гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, төсек-орын, ыдыс-аяқ, гигеналық заттар сияқты өмір сүруге ең қажетті заттар бар.

«Мақтаарал ауданы мұндай қиыншылықты бастан кешірген. Өздеріңізге белгілі, 2020 жылы ауданымыздың 5 ауылын су шайғанда Қазақстанның бүкіл өңірлерінен көмектер ағыла келген. «Аштықта жеген құйқаның дәмі таңдайдан кетпес» дейді ғой, басқа өңірлерге қиындық келгенде мақтааралдықтар жылы үйде қарап жата алмады. Сондықтан, апат болған аймақтарға гуманитарлық көмек жіберуде ауданымыз үлкен белсенділік танытуда» – деді, аудан ардагері Қилыбай Ирсаев.

Айта кетейік, су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге жекелеген елдімекендердің, еріктілердің бастамасымен де түрлі гуманитарлық, ақшалай көмектер де жіберілуде. Оның ішінде 2020 жылы тасқын судан зардап шеккен Өргебас, Жеңіс, Фердауси елдімекендері белсенділік танытуда.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ