Жұма, Қазан 18, 2024
18.5 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралда 62 референдум учаскесі ашылды

Мақтааралда 62 референдум учаскесі ашылды

6 қазан – Қазақстанда үлкен тарихи кезең, дүбірлі саяси науқан. Бүгін елімізде ел азаматтары АЭС салу мәселесіне қатысты дауыс беруге кірісті.

Аталған дүбірлі науқанға Мақтаарал ауданында да үлкен дайындықтар жасалған. Жалпы аудан бойынша 62 референдум учаскесі ашылып, 1 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс істеуде. Оларда жалпы 401 сайлау комиссиясының мүшелері жұмыс атқаруда.

62 референдум учаскесінің 3-уі жабық. Жабық сайлау учаскелерінің 2-еуі Атакент, Мырзакент аудандық ауруханаларында, 1-еуі №2037 әскери бөлімінде орналасқан.

Ауданда 69 940 референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тіркелген. Барлық учаскелік референдум комиссиялары интернет, байланыс телефоны, бақылау камералармен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал-жабдықтарымен жабдықталған.

Мақтаарал ауданында мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасау үшін 61 сайлау учаскелері арнайы кабиналармен, тактилдік көрсеткіштермен, арнайы бұрыштармен, мониторлы компьютермен, құлақаспаптармен, ұлғайтқыштармен, тұтқалармен және пандустармен толық жабдықталған. Сонымен бірге, 11 сурдо-тифло аудармашы, 3 инватакси тасымалдау қызметімен, 4 әлеуметтік таксилерімен қамтамасыз етілген.

Аудандағы мүгедектігі бар, көзі көрмейтін зағип азаматтар үшін барлық референдум учаскесіне бағыттаушы тактилді жолақ орнатылған. Сондай-ақ, интерактивті қолжетімді картасына мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы жерлер көрсетілген ақпараттары бар электронды картаға референдум учаскесі толық енгізілген.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ