Жұма, Қазан 18, 2024
20.9 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАР"Мақтаарал" биылғы футбол маусымын аяқтады

«Мақтаарал» биылғы футбол маусымын аяқтады

13 жылдық тарихы бар «Мақтаарал» футбол клубы 2024 жылы екінші лига командалары арасында Ел біріншілігіне қатысып, жалпы 22 ойын өткізді. Нәтижесінде 41 ұпаймен футбол маусымын 4-орынмен аяқтады.

Футбол маусымының сонғы ойнын желгілікті команда өз алаңында «Талас» командасын қабылдап, 5-1 есебімен жеңіске жетіп, команда жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйлады.

Айта кетейік, «Мақтаарал» футбол клубы 2011 жылы құрылып, 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасының футболдан екінші лига, бірінші лига және премьер лига командалары арасында нәтижелі ойын көрсетті.

Ауданымызға түрлі деңгейдегі командалар келіп, «Мақтааралмен» ойнаған ойындарын көрген жасөспірімдер арасында футболға деген қызығушылықтары оянып, спортпен оның ішінде футболмен шұғылданушылар саны жылдан жылға артып келеді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ