Мақтаарал ауданы көлемінде «Отбасы банкі» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мактаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері үнпарақшалар тарқатып шықты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін «Отбасы банкіне» аударуға мүмкіндік беру керектігін мәлімдеді.
«Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «Өз үйім» мемлекеттік бағдарламалары бойынша үнпарақшалар таратылды, қосымша сұрақтар болған жағдайда «Отбасы банк» кеңесшілері Толыбаева Ляззат Кураловна, Индира Бекежановналардың байланыс нөмерлері берілді.