Бейсенбі, Қараша 21, 2024
13.6 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚКөкпарсай елдімекеніндегі тағы бір көпір күрделі жөндеуден өткізілуде

Көкпарсай елдімекеніндегі тағы бір көпір күрделі жөндеуден өткізілуде

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «СК Дар» ЖШС тарапынан Мақтаарал ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-78 «Атакент-Кеңесшіл-Есентаев» автомобиль жолының 13+760 шқ көпір (Көкпарсай е/м кіреберіс) күрделі жөндеуден өткізілуде.

Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көпірдің ұзындығы 40 метр, ені 13,5 метрді құрайды. Қазіргі уақытта, көпірдің тірек қадаларын қағу жұмыстары жүргізілуде.

Көпір құрылысы 2025 жылға өтпелі. Жөндеу жұмыстарының сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Регион Технадзор» ЖШС және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы филиалы тарапынан тұрақты бақылауда.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ