Бүгін Мақтаарал ауданында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы»Қоғамдық келісім»КММ нің Мақтаарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен 1 наурыз- Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында С. Айни атындағы №55 жалпы білім беретін мектебінде ортаңғы сыныптар арасында ұлттық спорттың түрі асық ату ойынан жарыс өтті.
Алғыс айту мерекесіне орай өткізілген бастама барлық оқушылар мен мұғалімдерді біріктіруге, ұлттық рухты және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған шара болғандығы анық. Ұлттық ойындарымызды жаңғырту, насихаттау және дамыту мызғымас құндылықтарымызды – бірлік, келісім мен бейбітшілікті нығайтатынын, сондай-ақ білім ошақтарындағы рухани-адамгершілік мәдениетті арттыра түсетінін аңғаруға болады.