Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Конституциялық реформалар талқыланған мәжіліске Мақтаарал ауданының активі де қатысты

Конституциялық реформалар талқыланған мәжіліске Мақтаарал ауданының активі де қатысты

250

Түркістан облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға және түсіндіруге арналған мәжіліс өтті.

Өңір активі бас қосқан мәжіліске Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етті. Жиында елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды конституциялық реформалардың маңызы, олардың мемлекеттің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртудағы рөлі кеңінен айтылды.

Аталған маңызды жиынға Мақтаарал ауданынан аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған аудан активі бейне конференция байланыс жүйесі арқылы қатысты.

Онлайн форматта өткен талқылауға аудан прокуроры, аудандық ҰҚК бөлімінің бастығы, аудандық полиция бөлімінің басшысы, аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары, дербес бөлімдердің жетекшілері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың басшылары, жастар мен белсенділер қатысып, көтерілген мәселелерді мұқият тыңдады.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасында ұсынылып отырған негізгі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, Ата Заңның преамбуласы толықтай жаңартылып, ұлттық мемлекеттілікті нығайту, аумақтық тұтастықты сақтау, «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаттарын бекіту басты назарға алынғаны айтылды. Сонымен қатар, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту, неке мен отбасы құндылықтарын сақтау, экология мен табиғатты қорғау, ғылым мен білімді, мәдениет пен инновацияны дамыту секілді маңызды бағыттар қамтылды.

Конституциялық реформалар аясында азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, цифрлық құқықтар мен жеке деректерді қорғауды алғаш рет нақтылау, әлеуметтік құқықтар бойынша мемлекеттің жауапкершілігін арттыру көзделгені айтылды. Бұл өзгерістер «мемлекет адам үшін қызмет етуі тиіс» деген басты қағидатты іске асыруға бағытталған.

Мәжіліс барысында Мақтаарал ауданының активі ұсынылып отырған реформалардың аудан деңгейінде де кеңінен түсіндіріліп, тұрғындар арасында ашық талқылаулар ұйымдастырылуы қажеттігін атап өтті. Аудан басшылығы жаңа Конституция жобасының мән-маңызын халыққа жеткізу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге дайын екенін білдірді.

Жиынды қорытындылаған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа Конституция жобасы бойынша түпкілікті шешім республикалық референдумда қабылданатынын атап өтіп, конституциялық реформалар еліміздің саяси-құқықтық және қоғамдық дамуына тың серпін беретінін жеткізді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.