Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралдың әкімі жеке қабылдау өткізді

Мақтааралдың әкімі жеке қабылдау өткізді

81

Бүгін Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында аудан әкімі Бақыт Асановтың тұрғындарды жеке қабылдауы өтті.

Қабылдауға аудандық полиция бөлімінің басшысы Е.Амантаев, «Мырзакент» аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Н.Нұрашев, аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің басшысы М.Байымбетов, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғ.Полатов, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Елшібаев, сондай-ақ Мырзакент кентінің әкімі М.Бейсенбаев, Бірлік ауылдық округінің әкімі С.Кенжеев, Мақтаарал ауылдық округінің әкімі А.Жұматаевтар қатысты.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол бойына бейнебақылау камераларын орнату, фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) салу, көшелерге атау беру, мүгедектікке шығу тәртібі, жұмыспен қамту және кәріз құбырына қатысты мәселелер айтылды.

Қабылдау барысында аудан әкімі Бақыт Асанов кейбір мәселелерді сол мезетте тиісті сала басшыларына нақты тапсырма беру арқылы шешсе, бірқатар мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер жауапты мекемелердің бақылауына алынып, заң шеңберінде шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті.

Аудан басшысы тұрғындармен ашық диалог орнатып, әрбір көтерілген мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Сондай-ақ, тұрғындардың өтініш-тілектері кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, мұндай жеке қабылдаулар тұрғындар мен жергілікті атқарушы билік арасындағы байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.