Skip to content
Басты бет / MAKTAARAL TV / Мақтааралда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдттер өтуде

Мақтааралда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдттер өтуде

85

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі мен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес Мырзакент кентінің аумағында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған түнгі рейдтік жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Аталған рейдтердің негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілінің бақылауынсыз көшеде, ойын-сауық орындарында және қоғамдық орындарда жүрген балаларды анықтау, сондай-ақ бала тәрбиесіне салғырт қарайтын ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Рейд барысында полиция қызметкерлері мен сала мамандары кәсіпкерлік нысандарын аралап, қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Атап айтқанда, 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандарды заңды өкілінсіз ғимараттарға кіргізбеу, жасөспірімдерге темекі өнімдері мен алкогольдік ішімдіктерді сатуға қатаң тыйым салу, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылауды күшейту талаптары жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, рейд аясында кәсіпкерлерге «Арақсыз ауыл» жобасының мақсаты мен негізгі бағыттары таныстырылып, қоғамдағы жастар тәрбиесіне бейжай қарамай, бірлесе атсалысудың маңыздылығы айтылды. Мамандардың айтуынша, бұл жоба ауылдық жерлерде салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қорғауға бағытталған.

Жауапты мекемелердің мәліметінше, мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Негізгі міндет — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамда заңға бағыну қағидаттарын нығайту.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.