Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралдың бас шыршасын жағу рәсімі өтті

Мақтааралдың бас шыршасын жағу рәсімі өтті

500

Бүгін Мақтаарал ауданында жаңа жыл мерекесіне арналған басты оқиғалардың бірі – ауданның бас шыршасын жағу салтанаты өтті. Мерекелік кешке аудан тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналып, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсерге бөленді.

Салтанатты шарада Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов жиналған қауымды алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өтіп жатқан жылға шолу жасап, жеткен жетістіктер мен атқарылған жұмыстар жөнінде атап өтті. Жаңа жылдан күтілетін игі бастамалар мен жарқын жоспарларға тоқталды. Өз сөзінде аудан әкімі тұрғындарға амандық, бірлік пен береке тілеп, өңірдің алдағы уақытта да дамудың жаңа белестерін бағындыратынына сенім білдірді. Осыдан кейін аудан басшысы бас шыршаны жағуға ресми түрде рұқсат берді.

Кештің сәнін келтірген басты кейіпкерлер – Аяз ата мен Ақшақар да мерекеге ерекше көрік қосты. Олар жиналған халықпен бірге кері санау жүргізіп, барша жұрттың қошеметімен ауданның бас шыршасы жарқырай жанды. Шыршаның шамдары жағылған сәтте алаңды шаттыққа толы қол шапалақ пен қуаныш кернеді.

Мерекелік бағдарлама одан әрі аудан өнерпаздарының концерттік қойылымымен жалғасты. Ән мен күйден шашу шашқан өнер ұжымдары көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кештің ажарын аша түсті. Әсем әуендер мен би қойылымдары тұрғындарға жаңа жылдық рух пен жылулық сыйлады.

Айта кетейік, бас шыршаны жағу рәсімі көпшілікке ұмытылмас әсер қалдырып, жаңа жыл мерекесінің басталғанын айшықтай түсті.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.