Skip to content

Мақтааралға алғашқы қар жауды

247

Мақтаарал ауданына биылғы жылдың алғашқы қары жауып, өңірде қысқы маусымның басталғанын аңғартты.

Қардың түсуіне байланысты аудан аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың күнделікті тіршілігіне қолайлы жағдай жасау мақсатында тиісті жұмыстар жедел қолға алынды. Аудан әкімі Бақыт Асановтың тапсырмасымен коммуналдық және жауапты мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.

Қазіргі таңда аудан бойынша арнайы техникалар жұмылдырылып, республикалық, облыстық, ауданаралық маңызы бар автомобиль жолдарында қар тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Әсіресе, әлеуметтік нысандарға, мектептер мен балабақшаларға, медициналық мекемелерге апаратын жолдарды ашық ұстауға ерекше мән берілуде. Қар тазалау барысында жолдардың тайғақ болуына жол бермеу үшін қажетті инертті материалдар себіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, кезекшілік ұйымдастырылып, ауа райының күрт өзгеруіне жедел әрекет ету үшін қажетті техника мен адам күші толық дайындыққа келтірілді. Сонымен қатар, тұрғындардан келіп түскен өтініш-тілектер мен хабарламалар жедел қаралып, қар басу қаупі бар аумақтарға ерекше назар аударылатын болады.

Жалпы, Мақтаарал ауданында қысқы кезеңді қалыпты өткізу үшін тиісті жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қар тазалау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары алдағы уақытта да үздіксіз жалғасады. Аудан тұрғындарына сақтық шараларын қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда мұқият болу ұсынылады.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.