Skip to content
Басты бет / СЭС / Вакцина — инфекциялық аурулардың таралуымен күресудің бірден-бір тиімді тәсілі

Вакцина — инфекциялық аурулардың таралуымен күресудің бірден-бір тиімді тәсілі

15

Вакцина-белгілі бір инфекцияны жоюға бағытталған, микроорганизмдерден жасалатын препарат. Препараттың қауіпсіздігі, зиянсыздығы лабораториялық, клиникалық тексерулерден өткізіледі. Сонымен қатар, өндіріліп жатқан препараттардың әрбір партиясы қатаң бақылауға алынады.

Аталған шаралар тұтас бір халықты полиомиелит қызылша, қызамық, дифтерия, тырысқақ, көкжөтел, туберкулез, «В» гепатиті сияқты инфекциялардан қорғайтын ең тиімді тәсіл. Вакцинаның көмегімен түрлі инфекциялардан болатын ауруларды барынша қысқартуға, тіпті көзін түгелдей жоюға да болады. Осылайша вакцинаны халыққа түгелдей егудің арқасында біз адам өміріне айтарлықтай қауіп төндіретін көптеген ауруларды ұмыта бастадық.

Осыдан 30-40 жыл бұрын қызылша немесе дифтерия инфекцияларының кесірінен балалар өлімі жиі орын алатын. Жер шарындағы бар халықты жайлаған табиғи оспаның көзі алғаш рет тек 1978 жылы вакцинаның көмегімен жойылды. Ал, 2002 жылы әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда полиомиелитті жою жұмыстары кең етек алды. Айта кетелік, ең соңғы рет полиомиелит елімізде 1995 жылы тіркелді.

Ең алғашқы туберкулез және «В» гепатитіне қарсы егулер перзентханаларда жүргізіледі. Кез-келген вакцинадан кейін баланың ағзасы оған өтпелі реакциямен жауап қайтарады. Себебі, бұл мерзім ішінде ағзаны инфекциядан қорғайтын күш жинақталуы керек. Әлсіз дене қызуының жоғарылауы мүмкін. Адамды аурудан сақтап қалудың тиімді әдісі екпе салдыру.

Мәселен сал ауруы –өте қауіпті. Аяқ-қолы ырыққа көнбей, мүгедек болып қалуға алып келеді. Егер ауруға қарсы егілсе, ауру жеңіл түрде өтер еді, аяққа тұрып кету мүмкіндігі де бар. Екпе алмаса міндетті түрде сал болып қалады. Бөгде зат енген денеде міндетті түрде әртүрлі реакциялар орын алатыны анық. Алайда, мұндай реакциялардың зардаптары инфекциялардың зиянымен салыстырғанда түк емес.

Вакцина — инфекциялық аурулардың таралуымен күресудің бірден-бір тиімді тәсілі. Препаратты қабылдаған кездегі өтпелі реакцияға бола егуден бас тарту болашақта үлкен ауруға әкеліп соғатындығын ұмытпайық.

Қауіпті аурулар кез-келген жерде күтіп тұруы мүмкін. Балаңыздың денсаулығына алаңсыз болғыңыз келсе вакцинадан бас тартпағаныңыз абзал.


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.