Бүгін “Мақтаарал” мәдениет үйінде Түркістан Облыстық Мәдениет Басқармасы және Мақтаарал Ауданы Әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлы ойшыл, философ, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай облыстық «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» байқауы өтті.
Байқауға облыс көлеміндегі қалалар мен аудандардан 12 талантты үміткер қатысты.
Байқау талаптары:
Байқауға 16-35 жас аралығындағы қатысушылар қатысты.
І-бөлім:
– Үміткерлер Абай Құнанбайұлының адамгершілік, мораль, ғылым мен білімнің маңызы және кемел адам (толық адам) тақырыптарында жазылған бір өлеңін жатқа орындады.
– Сонымен қатар Абайдың 45 қара сөзінен сұрақтар қойылып, үміткерлердің білім деңгейі бағаланды.
ІІ-бөлім:
– Қатысушылар Абай әндерінің бірін ұлттық аспаптың (домбыра, сырнай, қобыз т.б.) сүйемелдеуімен жанды дауыста орындап, өз өнерін көрсетті.
Қазылар алқасы:
– Кеттебеков Бауыржан Қаршығаұлы – Жетісай аудандық білім бөлімінің әдіскері, ақын, сазгер
– Қалдыбаев Сабит Дүйсенбекұлы – «Мақтаарал» газетінің бас редакторы
– Ештаев Қайрат Пернебайұлы – облыстық дәстүрлі ән және терме байқауларының лауреаты
Байқауға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Тұрсынқұлов Серік Алтынбекұлы арнайы қатысып, байқауды ашып беріп, барлық үміткерге сәттілік тіледі.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар:
Бас жүлде:
– Жанту Біржан (Мақтаарал ауданы)
І орын:
– Қуанышбек Ақсана (Түркістан қаласы)
ІІ орын:
– Тулемисов Нұрсұлтан (Сауран ауданы)
– Жолдасбек Ақберен (Келес ауданы)
ІІІ орын:
– Слайхан Мерей (Арыс қаласы)
– Мұхатай Қуаныш (Кентау қаласы)
– Аманбек Абылай (Жетісай ауданы)
Арнайы жүлделер:
– Мақтаарал ауданы әкімінің арнайы жүлдесі – Тұрсынов Мейіржан (Мақтаарал ауданы)
– «Кемел адам» арнайы жүлдесі – Ағабек Бақдәулет (Төлеби ауданы)
Барлық қатысушыларға дипломдар және ақшалай сертификаттар табысталды.

















