Skip to content
Басты бет / Әлеумет / ЕРБОЛ ОРМАНОВ МАҚТААРАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ЕРБОЛ ОРМАНОВ МАҚТААРАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

134

2025 жылғы 3 желтоқсанда Мақтаарал ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстарына арналған кең ауқымды жиын өтті.

Түркістаннан арнайы келген облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Орманов Ербол Керімбекұлы мемлекеттік және азаматтық қызметшілер арасында заң талаптарын орындауды нығайту мақсатында кең ауқымды түсіндірме жұмысын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігін арттыру, этикалық нормаларды берік сақтау және қоғамға сапалы қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыру.

Жиынға аудан әкімі аппаратына қарасты мемлекеттік мекеме басшылары, ауданның дербес бөлімдері мен ауылдық округтердің әкімдері, жалпы мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Жиын барысында Мақтаарал ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Атақұлов «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын орындауы» тақырыбында баяндама жасап, бірқатар маңызды бағыттарға тоқталды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты тәртібін сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, қызметтік автокөліктерді талапқа сай пайдалану, тәртіптік жауапкершілікке тарту практикасы, БАҚ және әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі, қоғам тарапынан сынға себеп болатын жағдайлардың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, қызметтен тыс уақытта моральдық-әдеп нормаларын ұстану, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру, киім кию үлгісі және т.б. мәселелер жөнінде тиімді ақпараттар берді.

Жиын барысында Ербол Керімбекұлы қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, тәжірибелік мысалдар негізінде түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғындарға жеке қабылдау өткізіп, мәселелерін тыңдады.

Добавить комментарий