Құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары!
Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты хабарлайды: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлердің тестілеуден өтуіне арналған арнайы бөлме толықтай жабдықталып, пайдалануға берілді.
Бұл бастама – мемлекеттік қызметке іріктеу үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Арнайы бөлме заманауи техникалық құралдармен жабдықталып, үміткерлерге тестілеуден жайлы жағдайда өтуге барлық мүмкіндік жасалған. Мұнда компьютерлер, интернет желісі және басқа да қажетті инфрақұрылым қарастырылған.
Мемлекеттік қызметке қабылдау – еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін дамытудағы маңызды қадамдардың бірі. Сондықтан үміткерлердің біліктілігі мен қабілетін әділ бағалау үшін барлық жағдайдың жасалуы – ашық әрі меритократиялық қағидаттардың айқын көрінісі болып табылады.
Мақтаарал ауданы әкімдігі азаматтарды мемлекеттік қызмет саласына белсенді қатысуға шақырады және барлық талапкерлерге сәттілік тілейді.
Мекенжай: Мақтаарал ауданы әкімдігінің ғимараты
Қосымша ақпарат үшін: 8 (72541) 22-2-11




