Четверг, 30 октября, 2025
18.6 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРАтмосфералық ауаның ластануының алдын алу

Атмосфералық ауаның ластануының алдын алу

Атмосфералық ауа негізінен азот, оттегі, көмірқышқыл газы және басқа да ұсақ газдардан тұрады. Атмосфералық ауа тірі организмдердің тыныс алуына, климатының қалыптасуына және Жердің бетінде өмір сүруге қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Ауа құрамындағы газдар тіршілік үшін маңызды функцияларды атқарады және қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл ойнайды.

Атмосфералық ауаның ластану себептері

: Өнеркәсіптік шығарындылар: зауыттар, электр станциялары, химия өндірістері зиянды заттарды ауаға шығарады.

: Автокөліктердің шығарындылары: көлік газдары көміртек оксиді, азот оксидтері және қатты бөлшектерді бөледі.

:Қоқысты өртеу: улы газдар мен бөлшектердің бөлінуіне әкеледі.

: Ауыл шаруашылығы: пестицидтер мен тыңайтқыштарды қолдану аммиак және басқа зиянды заттардың шығуына себеп болады.

: Табиғи көздер: орман өрті, жанартау атқылауы.

Атмосфералық ауаның ластану салдарынан тыныс алу жолдарының аурулары, аллергиялық реакциялар және созылмалы өкпе аурулары орын алады, иммундық жүйе әлсірейді. Сонымен қатар, топырақ пен су сапасының төмендеуі нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлар жойылуда.

Атмосфералық ауаның ластануын азайту жолдары

 Өндірістерде тазарту құрылғыларын орнату.

: Қоршаған ортаны көгалдандыру және жасыл аймақтарды сақтау.

:Қалдықтарды дұрыс өңдеу және қалдықсыз технологияларға көшу.

: Халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру.

Атмосфералық ауа – тіршіліктің негізі. Оны таза сақтау – әр адамның міндеті. Табиғатты қорғау арқылы өз болашағымызды сақтайық!

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ